Орталық

Орталық Азияда тең құқықтық платформасы туралы

Орталық Азияда Тең құқықтық Платформасы активисттер, заңгерлер, журналистер, ғалымдар және басқа да мүдделі тұлғаларға Орталық Азиядағы кемсітушілік мәселесі бойынша жаңалықтардың кең спектрін ұсынады. Жаңалық басылымдары мен түрлі көздерде бар мақалаларды бір жерде біріктіру аймақтағы және одан тыс жерлердегі активисттердің құқыққа шек қойылу фактілері және кемсітушілікке қарсы күрес саласындағы соңғы әзірлемелер жөнінде жақсы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ, платформа мына мақсаттарда әзірленген:

  • Осы аймақтағы активисттерді хабарландыруды жетілдіру;
  • Теңдік, кемсітпеушілік және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар туралы бұдан әрі де хабарлау; және де
  • Аймақтан тыс жерлердегі активисттерді кемсітушілік көріністері, оның көлемі мен түрлері туралы хабарландыру.

Кемсітушіліктің санаттары

Орталық Азияда Тең құқықтық платформасы діні, этникалық тиесілігі негізінде кемсітушілік көріністері жағдайларына ерекше назар аудара отырып, сондай-ақ, денсаулық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі, жынысы, жыныстық бағдары, гендерлік бірдейлігі және басқа белгілері себепті кемсітушілік жағдайлары туралы хабарлайды. Пайдаланушы үшін іздеуді жеңілдету үшін, платформада жаңалықтарды кемсіту негіздеріне қарай санаттарға бөлу бар. Анықтамалардың толық тізімі платформаның үй бетінде орналасқан.

Адам құқықтарының бұзылуларын анықтауға көмектесіңіз!

Орталық Азияда Тең құқықтық кемсітушілікке қарсы күрес және теңдік идеяларын жылжытуға мүдделі барлық адамдарды платформа ресурстарында материалдарды орналастыру үшін өтініштер беруге шақырады.

Өтініштер авторлық материалдар, сондай-ақ бұрын жарияланған материалдар үшін қабылданатын болады. Барлық материалдар бас тарту себептерін түсіндіре отырып, өтініш берушіге жауап бере отырып, кез-келген өтінішті қабылдамауға құқылы модератор қарайтын болады. Өтініш берушілер кез келген елде тұратын болуы мүмкін және жариялау өтініштерін орыс және ағылшын тілдерінде бере алады. Жаңалықты мұнда ұсынуға болады.